Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2023 жылдың 28 сәуірінде М.Әуезов атындағы мектепте «Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы: отбасылық және мектеп тәрбиесінің өзекті стратегиялары» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті.
02-05-2023 07:54
2023 жылдың 28 сәуірінде М.Әуезов атындағы мектепте «Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы: отбасылық және мектеп тәрбиесінің өзекті стратегиялары» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті.

2023 жылдың 28 сәуірінде М.Әуезов атындағы мектепте «Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы: отбасылық және мектеп тәрбиесінің өзекті стратегиялары» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті.

Мектеп басшысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі өз сөзінде Гульнар Туияковна Топанова отбасы мен мектептің өзара іс-қимылының маңыздылығын, білім алушылардың жеке басын жан-жақты дамытуға жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Конференцияның мақсаты - ата-аналарды білім берудегі инновациялық үдерістермен және оқыту мазмұнындағы өзгерістермен таныстыру.

Конференция жұмысына Қайырбекова Багжанат Дындарбекқызы, п.ғ.к., Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, ИнЕУ профессоры қатысты, ол ата-аналарды «Оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық құралдар (бүгіннен бастап ертеңгі күні дағдыларға үйрету) дәрісімен таныстырды)».

Конференцияның пленарлық бөлімінде:
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың жаңа тәсілдері» -Б.М.Акышева, басшының  бейінді оқыту жөніндегі орынбасары;
«Қазіргі заманғы білім беру ортасы жағдайында балалардың дарындылығын дамыту»
-Ж.К.Темиргазина , басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
«Білім беру ресурстарының көмегімен оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін дамыту» - Р.Т.Садыков. техника ғылымдарының магистрі;
«Заманауи құзыреттер: мультимедиа әлемі» - З.Ш.Эргашова , информатика магистрі.
Психологиялық тренингті мектеп психологы А.К. Баисова өткізді.

Оқу, зияткерлік, спорттық конкурстар мен жарыстарда жоғары жетістіктер көрсеткен оқушылардың ата-аналарын марапаттау рәсімі өтті.

«Мектеп өмірінің калейдоскопы» бейнеролигін көру ата-аналарға мектеп оқушыларының жарқын өмірін көрсетті.
Шығармашылық байқаулардың жеңімпаз оқушылары ата-аналар алдында концерт қойды.

«Еркін микрофон» арқылы ата-аналар мазмұнды конференцияға ризашылықтарын білдірді.