![Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Жеңіс жолдары» атты әскери-патриоттық ойын өтті.](/media/img/blogs/6454df1a05294.png)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қызметіне жасөспірімдерді дайындау, жастар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау, адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Жеңіс жолдары» атты әскери-патриоттық ойын өтті.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған ойынға 10 сынып оқушылары қатысты.
Қатысушылар АК-74 автоматын шашу және жинау, ОЗК кию, арқан тарту, кедергілерден өту, әскери кросс бойынша жарысып шеберліктерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша 10Б сынып 1 орын, 10А сынып 2 орын иеленді. Автомат жинастыру бойынша 10Б сынып оқушысы Веселова Елизовета, ОЗК кию бойынша 10А сынып оқушысы Омарова Дильназ және 10А сынып оқушысы Ворошилов Сергей жақсы нәтиже көрсетті.