![Халықаралық Отбасы Күнін тойлау аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп 15 мамыр күні «Отбасылық ағаш» Республикалық акциясына қатысты.](/media/img/blogs/64644cb28210a.png)
Халықаралық Отбасы Күнін тойлау аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп 15 мамыр күні «Отбасылық ағаш» Республикалық акциясына қатысты.
Аталмыш акция Ұлттық «Мерейлі отбасы» сайысына бастау береді.
Іс-шара мақсаты - отбасы институтын нығайту, қазақстандық отбасы имиджін насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершіліктерін арттыру.
Акцияға мектебіміздің отбасылары: информатика пәні мұғалімі Рустам Талгатбекович Садыков, математика пәні мұғалімі Ризагуль Жумабаевна Садыкова, ұлдары 4 «Ж» сынып оқушысы Расул, қыздары 2 «З» сынып оқушысы Риана қатысты.
Ұйымшыл Садыковтар отбасы мектеп аумағына отбасылық құндылықтарды күшейту символы, қоршаған ортаға қамқорлық қарау, ұрпақтар сабақтастығы ретінде естелік отбасылық ағаш отырғызды.