Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
16 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Мектеп жобасынан Қазақстанның зияткерлік элитасын қалыптастыру: мәселелер, ізденістер, шешу жолдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
17-05-2023 08:45
16 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Мектеп жобасынан Қазақстанның зияткерлік элитасын қалыптастыру: мәселелер, ізденістер, шешу жолдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

16 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Мектеп жобасынан Қазақстанның зияткерлік элитасын қалыптастыру: мәселелер, ізденістер, шешу жолдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Мақсаты - білім алушылардың интеллектуалды шығармашылықтарын дамыту, зерттеу жұмыстарына тарту.

Алғашқы қарсы алу сөзді мектеп басшысы, филология магистрі Гульнар Туияковна Топанова алды.

Әділ қазылар алқасының басшысы ретінде:
-Г.Ж.Асылханова әлеуметтік ғылым докторы «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының профессоры;
- Д.С.Айгумусова физика магистрі «Энергетика және инженерия» кафедрасының аға оқытушы;
- Л.Т.Тюлюгенова техникалық ғылым магистрі, «Ақпараттық технология» кафедрасының меңгерушісі;
- М.В.Темербаева техникалық ғылым кандидаты, «Ветеринарлық және шаруашылық технология» кафедрасының профессоры;
- М.А Сулейменов тарих ғылымының кандидаты, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының доценті
конференция жұмысына қатысты.

Конференция пленарлық бөлімінде «Зерде» облыстық кезеңінің жеңімпазы 6В сынып оқушысы Ткачев Артур және жоғарғы сынып оқушылары арасында өткен Республикалық сайыстың облыстық кезеңінің жүлдегері 10А сынып оқушысы Мустафина Фатима өз жобаларын таныстырды.

2-10 сынып оқушылары арасында 42 ғылыми жоба: «Менің Отаным-Қазақстан», «Ғылыми-техникалық үдеріс, экономикалық дамудың болашақ кілті іспеттес», «Экономикалық және әлеуметтік жүйені математикалық модельдендіру», «Салауатты табиғат- «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру негізгі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және туристік бағыттардың болашағы» - бағыттары бойынша зерттеу жұмыстарын ұсынды.

ИнЕУ ғалымдары көптеген жұмыстардың жоғарғы ғылыми деңгейде дайындалғанын атап өтті, жұмыстардың тәжірибелік жағын күшейте түсуге нұсқаулық және бағыт ұсынды.

Секциялық отырыс қорытындысы бойынша үздік жұмыстар «Зерде» сайысына және жоғарғы сынып оқушыларының ғылыми жұмыстар сайысына іріктеліп алынды.
Ұстаздарға оқушылар бойына зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастырғандары үшін алғыс білдіреміз!