Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Абаев оқулары»
19-05-2023 10:26
«Абаев оқулары»

12 мамырда М.Әуезов атындағы мектептің оқушылары «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар арасында өткен «Абаев оқулары» қалалық байқауына қатысты.

Байқаудың мақсаты - мектеп оқушылары арасында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттау, көркем оқу дағдысын, сахна мәдениетін қалыптастыру.

Байқау екі бағытта ұйымдастырылды: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай өлеңдерін жатқа оқу мен «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» оқушының Абай әндері мен күйлерін орындау шеберлігі.

Біздің оқушыларымыз Абай шығармаларын білумен қатар, көркем орындау шеберлігін де көрсетті. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 4 А сынып оқушысы Касенова Адия 2 орын, 2 З сынып оқушысы Мұқышев Байрам 2 орынды иеленді. «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем мен тәтті күй» номинациясы бойынша 4 Г сынып оқушысы Мельникова Доминика Абайдың әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, 3 орынға ие болды.

Бала кезінен қазақ әдебиетіне, ұлы Абайдың өлмес шығармаларына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты оятып жүрген ұстаздар Қарабаева Мейрамгүл Мерғалымқызына, Байтемірова Сандуғаш Байтемірқызына, Камзина Альмира Ермұхамбетқызына алғысымызды білдіреміз.