Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«World Robot Olympiad-2023».
02-06-2023 09:53
«World Robot Olympiad-2023».

2023 жылғы 29 мамырда М.Әуезов атындағы мектептің оқушылары «World Robot Olympiad-2023» қағидалары шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған робототехника бойынша халықаралық олимпиаданың өңірлік іріктеу кезеңіне қатысты.

8Е сынып оқушысы Ракишев Каримжан мен 4Ж сынып оқушысы  Садыков Расул «Future Innovators» санатында  1 орын алып, «Су ресурстарын тазалауға арналған роботталған шешім» жобасын ұсынды. Жеңімпаздарға Олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысу үшін жолдамалар берілді.

Жаттықтырушы Рустам Талгатбекұлы Садыковқа алғысымызды білдіреміз! Олимпиаданың республикалық кезеңінде сәттілік және Әлемдік деңгейде жеңіс тілейміз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз және табыстарыңызға сеніміміз мол!