20 маусымда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Жазғы MIX-2023» кешенді бағдарламасы аясында «Театр әлемі» жобасының 2 турын өткізді.
М.Әуезов атындағы мектептің көп тілді және адамгершілік-эстетикалық профильды отрядтарының балалары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде «Тастан жасалған көже» ертегісін ұсынды.
Жас актерлер қызықты спектакльдің жасаушылары болды. Олар қойылымға дайындық кезінде декорацияларды, экран және басты кейіпкер- қуыршақтарды өз қолдарымен жасады.
Қойылым патриоттық, рухани-адамгершілік, эстетикалық және танымдық мағынаға ие болды.
Шығармашылық ұжымның еңбегінің нәтижесі- 2 орынмен марапатталды.
Балаларды лайықты нәтижемен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт пен көптеген жеңістер тілейміз!
20 маусымда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Жазғы MIX-2023» кешенді бағдарламасы аясында «Театр әлемі» жобасының 2 турын өткізді.