Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
15 ТАМЫЗДА 10-СЫНЫПҚА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛАТЫНЫН ЕСКЕ САЛАМЫЗ.
14-08-2023 08:33
15 ТАМЫЗДА 10-СЫНЫПҚА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛАТЫНЫН ЕСКЕ САЛАМЫЗ.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес
15 ТАМЫЗДА 10-СЫНЫПҚА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛАТЫНЫН ЕСКЕ САЛАМЫЗ.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына 10-сыныпқа қабылдау үшін ата-аналар мен заңды өкілдерінен өтініштерді қабылдау кезінде «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесін басшылыққа алу қажет.

Атап айтқанда, өтініш берген кезде:
-  «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасы, баланың 3х4 см көлеміндегі цифрлық фотосуреті;

- білім беру ұйымы арқылы ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжаты, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасы, 3х4 см көлеміндегі баланың 2 фотосуретін ұсынылуы қажет.