Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Ахмет Байтұрсынов - XX ғасырдың ұлы қөсемі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
08-09-2023 12:49
Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Ахмет Байтұрсынов - XX ғасырдың ұлы қөсемі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы мектепте Қазақстан халқының тілдері күнін мерекелеу аясында қазақтың көрнекті ағартушысы, ғалым және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Ахмет Байтұрсынов - XX ғасырдың ұлы қөсемі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның негізгі мақсатына сүйене отырып: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерін зерделеу міндеттері анықталды: білім алушылар ғалым шығармашылығына деген танымдық қызығушылығын дамыту; қазақ патриотизмін, өз еліне, халқына деген мақтаныш сезімін ояту.

Мектебімізде үштілділікті дамыту бағдарламасына ерекше көңіл бөлініп, осыған байланысты конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Конференцияға қатысушылар қазақтың белгілі ғалымы, аудармашысы, көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері, жазушы және тіл маманы Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы туралы қызықты, танымдық баяндамалар жасады.

«Өз тілінде сөйлейтін және өз мәдениеті бар адамдар ғана тәуелсіз өмір сүруге құқылы екенін ешқашан ұмытпауымыз керек», - деді Ахмет Байтұрсынов. Ол бүгінде дүниежүзі қазақтары қолданып жүрген жаңа әліпбиді жасады. Сондай-ақ баяндамашылар мектептегі оқу әдістемесін жетілдіру мен қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне де жиналғандардың назарын аударды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Барлық қатысушылар сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.