Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жастар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау, жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындау, азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жас Ұлан-2023» әскери-қолданбалы
09-10-2023 08:03

Жастар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау, жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындау, азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жас Ұлан-2023» әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қалалық жарыстар өтті.

Бұл жарысқа Павлодар қаласы мектептерінің 25 командасы қатысты, олардың арасында М.Әуезов атындағы мектептің командасы да болды.

Қатысушылар АК-74-ті бөлшектеу және құрастыру, саптық даярлау, кермеге тартылу, оқ ату, оқжатарды оқу патрондарымен разрядтау және жабдықтау, әскерилендірілген кросс бойынша шеберліктермен жарысты.

Біздің мектептің командасы «Әскерилендірілген кросс» номинациясында 1 орынға ие болды. Жасөспірімдерді және алғашқы әскери дайындық мұғалімі Ю.С Антоновты лайықты нәтижемен құттықтаймыз!