Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ОҚУШЫЛАР МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
12-10-2023 16:02
ОҚУШЫЛАР МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ІІМ балалардың өмірін апаттан сақтауға шақырады

 

Жолдағы қауіпсіздік жағдайы маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.

Ол үшін бұл бағытта көп нәрсе жасалуда. Заңнамалар өзгеруде, жолдарда жаңа инженерлік шешімдер енгізілуде.

Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалар жол жүрісіне қатысушылардың қауіпсіздігін арттырып,полиция жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

 Бұл өз кезегінде жолдағы қауіпсіздік деңгейін жақсартуға да әсер етеді.

Мәселен, ағымдағы жылы апаттылықтың барлық көрсеткіштері төмендеді.

Жол-көлік оқиғалары -4%-ға.

Онда қаза болғандардыңсаны-2%-ға.

Сондай-ақжарақаталғандардың саны -8%-ға.

Атқарылған жұмыснәтижесіндемыңнанастамазаматтыңөмірі мен денсаулығынсақтапқалдық.

Мен ата-аналарға, тәрбиешілерге, ұстаздарғажәне еліміздің барлықсаналы ұрпақтары мен ересектұрғындарынаүндеу жасағым келеді. Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі біздің қолымызда екенін ұмытпайық!

Биыл да жол-көлік оқиғалары салдарынан болғанжасөспірімдер өлімінің көрсеткіші бұрынғыдай жоғары деңгейде қалып отыр. 9 ай ішінде жол апатынан 210 бала көз жұмған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16-ға көп.

(1680 адам қайтыс болды, оның 210-ы балалар, 2022 жылдың 9 айында 1716 адам қайтыс болды, оның 181-і балалар).

Балалар – жол жүрісіне қатысушылардың ең осал санаттарының бірі.

Сондықтан балалар мен жасөспірімдердің жол жүрісі қағидаларын бұзбауын түсіндіру, егер ереже бұзу жәйттеріне куә болсақ, оның алдын алу – әрбіріміздің міндетіміз.

Полицияның жыл сайын халықпен жүргізіп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, біз балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ескі мәселелермен әлі декезігудеміз. Бұл - жол-көлік оқиғалары.

Жол апатынан зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, ал қалған бөлігі - жаяу жүргіншілерекенін атап өткен жөн.

Балалар ересектердің мінез-құлқын қайталайды, сол себепті рұқсат етілген және қауіпсіз жерден емес, өзі қалаған жерде жолды кесіп өту деректері кездесіп жатады.

Ересектер балаларға электросамокаттарды, мопедтерді, электрлі велосипедтерді өздері сатып алып береді де, бірақ оларды қалай қауіпсіз пайдалану керектігін түсіндірмейді.

Қарапайым жол ережелерін түсіндіру және ересектердің оларды сақтаудағы ұстанымы Сіздің балаңыздың немесе жақын туысыңыздың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Егер Сіздің көзіңізше балалар жол ережесін бұзса, бірер минут уақытыңызды бөліп, балаға оныңереже бұзғанын түсіндіре кетіңіз.

Бір, екі немесе үш минут уақытыңыз Сіздің жұмысыңызға қатты әсер етпейді, ал бала үшін ересек адамның ескертуі өмір бойы есте қалады.

Міне,осы дүниелер тәлім-тәрбие элементтері болып табылады және қоғамның «нөлдік төзімділік» принципін көрсетеді.

Ал өз кезегінде министрлік жолдағы балалар өлімін азайту, құқықтық ағарту, балалардың жол-көлік оқиғаларында жарақаттануының алдын алу жөніндегі шараларды жалғастыратын болады.

Құрметті,жол жүрісіне қатысушылар, барлықтарыңызды қарапайым жол ережелерін сақтауға шақырамыз.

Асықпаңыз, аптықпаңыз! Балалардың қауіпсіздікте болуын қадағалаңыз, үнемделген секундтар мен минуттар тәуекелге тұрарлық нәрсе емес!

Өйткені, сіздің өміріңіз бен балаларыңыздың өмірінен маңызды ештеңе жоқ!

 

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті

https://www.instagram.com/p/CyS4TjitKh3/