Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 8-11 сынып оқушылары арасында алдын ала таңдалған жұптар – патша мен патшайым қатысқан «Күзгі қиялдар» тақырыптық ойын-сауық іс-шарасы өтті.
Іс-шара бағдарламасында қатысушылардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін көрсетуге болатын байқаулар болды. Күздің түрлі-түсті костюмдерін киген сайыскерлер өзінің таныстыруын әдеби стильде ұсынды. «Интеллектуалды жапырақтың құлауы» сайысында жұптар тапқырлық пен эрудиция көрсетті. Ең қызықтысы «Күзгі сәнгер» сән байқауы болды. Мұнда оқушылардын қиялында шек болмады! Модельдер газеттерден, полиэтилен пакеттерден және басқа да материалдан тігілген көйлектермен сахнаға шықты.
Сондай-ақ, қатысушылардың арасында ән мен би билеу, музыкалық аспаптарда ойнау бойынша өз өнерлерін көрсете білген дарынды оқушылар да аз болмады.
Байқау нәтижесінде 3 орын 8 Е және 9 Г сыныптардың жұптарына, 2 орын 8 Б және 11 Б сыныптардың сайыскерлеріне, 1 орын 9 А сыныптың қатысушыларына берілді.
Барлық қатысушылар түрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 8-11 сынып оқушылары арасында алдын ала таңдалған жұптар – патша мен патшайым қатысқан «Күзгі қиялдар» тақырыптық ойын-сауық іс-шарасы өтті.