![М.Әуезов атындағы мектепте педагог-психолог Баисова Алма Курумбаевна мен мектеп президенті Дмитрий Пищев және оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелері бірлесіп «Бұзақылық және кибербуллинг – мектеп ортасындағы зорлық-зомбылық түрі» тақырыбында профилактикалы](/media/img/blogs/655ec3742fdcf.png)
М.Әуезов атындағы мектепте педагог-психолог Баисова Алма Курумбаевна мен мектеп президенті Дмитрий Пищев және оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелері бірлесіп «Бұзақылық және кибербуллинг – мектеп ортасындағы зорлық-зомбылық түрі» тақырыбында профилактикалық шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу, әр баланың табысты дамуына қолайлы жағдай жасау, физикалық, психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау, балаларда зорлық-зомбылықтың кез келген түрлерін қабылдамау ұстанымын және жеке қауіпсіздікке деген саналы көзқарас қалыптастыру.
Іс-шара барысында педагог-психолог Алма Курумбаевна қатысушыларды «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдарымен, олардың ерекшеліктерімен, мектеп жағдайында қорқыту мен күресудің алдын алу ресурстарымен таныстырды.
Оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелері і жиналғандармен қандай жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы негізгі ұсыныстарды талқылады. Бейнекөрсетілім үлгісін пайдалана отырып, қиын жағдайдан шығу жағдайлары талданды.
Іс-шара барысында алынған практикалық ұсыныстар қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсетеді деп сенеміз.