Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
М.Әуезов атындағы мектепте педагог-психолог Баисова Алма Курумбаевна мен мектеп президенті Дмитрий Пищев және оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелері бірлесіп «Бұзақылық және кибербуллинг – мектеп ортасындағы зорлық-зомбылық түрі» тақырыбында профилактикалы
23-11-2023 08:14
М.Әуезов атындағы мектепте педагог-психолог Баисова Алма Курумбаевна мен мектеп президенті Дмитрий Пищев және оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелері бірлесіп «Бұзақылық және кибербуллинг – мектеп ортасындағы зорлық-зомбылық түрі» тақырыбында профилактикалы

М.Әуезов атындағы мектепте педагог-психолог Баисова Алма Курумбаевна мен мектеп президенті Дмитрий Пищев және оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелері бірлесіп «Бұзақылық және кибербуллинг – мектеп ортасындағы зорлық-зомбылық түрі» тақырыбында профилактикалық шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу, әр баланың табысты дамуына қолайлы жағдай жасау, физикалық, психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау, балаларда зорлық-зомбылықтың кез келген түрлерін қабылдамау ұстанымын және жеке қауіпсіздікке деген саналы көзқарас қалыптастыру.

Іс-шара барысында педагог-психолог Алма Курумбаевна қатысушыларды «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдарымен, олардың ерекшеліктерімен, мектеп жағдайында қорқыту мен күресудің алдын алу ресурстарымен таныстырды.

Оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелері і жиналғандармен қандай жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы негізгі ұсыныстарды талқылады. Бейнекөрсетілім үлгісін пайдалана отырып, қиын жағдайдан шығу жағдайлары талданды.

Іс-шара барысында алынған практикалық ұсыныстар қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсетеді деп сенеміз.