Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде 15-22 желтоқсан аралығында тарих апталығы басталды.
19-12-2023 10:35
Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде 15-22 желтоқсан аралығында тарих апталығы басталды.

Оқушылардың білімін толықтырып, қызығушылығын арттыруға арналған оқу іс-әрекетінің бір түрі – пән апталығы.

Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде 15-22 желтоқсан аралығында тарих апталығы басталды.

Тарих апталығының бірінші күні бірінші қабат холында «Тарихты кезеңге бөлу» атты театрландырылған түрлі-түсті көрме ұсынылды.

Мақсаты -Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдерін және басқа да әлемдік мәдениеттердің тарихын айқын көрсету.

Көрме мен театрландырылған қойылымда алғашқы қауымдық қоғамның тарихи кезеңдері, әлемнің ең көне өркениеттері, ортағасырлық Шығыс және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы көрермен назарына ұсынылды.

Балалардың садақ атуға қатысуы, саз балшықтан үлгілеудің ежелгі өнерін көрсету, нағыз мұражай экспонаттары, түрлі-түсті шығыс базары, тәтті тағамдар, Тәуелсіздік күніне арналған безендірілген баннерлер – осының барлығы мерекелік атмосфера мен керемет көңіл-күй тудырды.

Пән апталығы тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де мектепте оқытылатын ғылымдардың маңыздылығын көрсетуге жақсы мүмкіндік берді.