Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тарих пәндік апталығының ашылуы өтті.
19-12-2023 09:36

Мақсаты - азаматтықты, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, білім алушылардың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері туралы білімдерін кеңейту.

Жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар рөлдерді сомдаған «Қазақ хандығының пайда болуы» театрландырылған қойылым сонау XV ғасыр, Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын қалай құрғанын баяндады.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында орасан зор рөл атқарған қазақтың көрнекті қайраткерлері Д.Қонаев, Ж.Ташенев, О.Сүлейменов, М.Шаханов, Н.Төреқұлов туралы баяндама білім алушылар үшін тағылымды әрі қызықты болды.

Іс-шараның соңы «Мен – қазақпын» патриоттық әнімен аяқталды, оны жиналғандар бірауыздан қолдады.

Мектеп оқушыларын тарихтың таңғажайып әлеміне тарту бойынша жұмыс пәндік апта бойы жалғасады.