Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
5 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Гимназиялық сыныптарда оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс стратегиясы. Бірінші жартыжылдықтағы білім беру процесінің тиімділігі» тақырыбында педагогикалық кеңестің отырысы өтті
06-01-2024 07:45
5 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Гимназиялық сыныптарда оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс стратегиясы. Бірінші жартыжылдықтағы білім беру процесінің тиімділігі» тақырыбында педагогикалық кеңестің отырысы өтті

5 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Гимназиялық сыныптарда оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс стратегиясы. Бірінші жартыжылдықтағы білім беру процесінің тиімділігі» тақырыбында педагогикалық кеңестің отырысы өтті.

Көптілді оқытуды ұйымдастыру арқылы гимназиялық сыныптарда оқыту сапасын қамтамасыз ету бойынша мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін анықтау, одан әрі қызмет стратегиясын және гимназиялық сыныптарда оқушылардың білім сапасын арттыру векторын айқындау мақсатында педагогикалық кеңестің пленарлық бөлімінде өзекті мәселелер қаралды:
- мектептің гимназиялық сыныптар туралы ережесі;
- бірінші жартыжылдықтағы оқушылардың білім сапасын талдау;
- анықталған проблемалар және оларды шешу жолын анықтау.

Гимназиялық компонент курстарын өткізудегі шеберлік-сағатын көрсеткендер: бастауыш сынып мұғалімі Дюсекеева Л.Б. - «Логика» арнайы курсының сабақтарында оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту», ағылшын тілі мұғалімі Херхенредер А.Н. – «Әр ғасыр ғалымдарымен диалог» гимназиялық компонент курсын оқудың оң нәтижелері туралы»,
информатика пәнінің мұғалімі Эргашова З.Ш. - «Мультимедия әлемі» гимназиялық компонент курсын оқудың екінші жылының нәтижелері», Баисова А.К., мектеп психологы - 4 сыныптағы «Психология әліпбиі» дамытушы компонент курсы.

Арнайы курстардың жаңа бағдарламаларын Садыков Р.Т. - «Computer Science in English» - информатиканы ағылшын тілінде оқу», Райымжанова Н.Е - «Химияны үш тілде оқимыз» таныстырылды.

Педагогикалық кеңестің практикалық бөлімінде үш шығармашылық топта оқыту проблемаларын анықтау және гимназиялық сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамытуға бағытталған оқытудың тиімді нысандары мен әдістері арқылы шешу жолдарын табу бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Сарапшылар тобының құрамына мектептің тәжірибелі мұғалімдері Бакибаева Г.К., Омарова Л.С., Умирбаева Г.Н. кіретін топ шығармашылық топтардың жұмысына баға берді, сондай-ақ педагогикалық кеңестің шешіміне енгізілген ұсыныстар берді.