![27 ақпанда 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.](/media/img/blogs/65f03ffcbbcf5.jpg)
27 ақпанда 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты- бастауыш мектеп жасындағы математикалық дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, бастауыш сынып оқушыларының математика бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту.
Мұхтар Әуезов ат. мектеп оқушылары олимпиадаға белсенді қатысып, жеңімпаз атанды:
1 орындар-Цветков Артем, 2 Б сынып оқушысы, мұғалім Нурсеитова Алия Амалиевна;
3 орындар - Нарханова Тамила, 3 В сынып оқушысы, мұғалім Тайлакова Айнагуль Ирмековна,
Наурызбай Арсен, 4 Е сынып оқушысы, мұғалім Нурмакова Мадина Каратаевна.
Жүлдегерлерді дайындаған оқушылар мен педагогтарды Олимпиадада табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Шабыт пен жаңа зияткерлік жеңістер тілейміз!