![Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде «Ұлттық стильдегі заманауи киімдер» сән байқауы өткізілді, байқауға 1-4, 5-9 сынып оқушылары қатысты.](/media/img/blogs/65f2c9071c7db.jpg)
Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде «Ұлттық стильдегі заманауи киімдер» сән байқауы өткізілді, байқауға 1-4, 5-9 сынып оқушылары қатысты.
Байқаудың мақсаты – қазақтың ұлттық киімін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру және дәстүрлі ұлттық әдет-ғұрып мәдениеті негізінде қазіргі жастардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
«АСЫЛ ҚАЗЫНА»– оқушылар жас жігіттердің ұлттық киім үлгілерін киіп шықты;
«ҰЛЫ ДАЛА ӨРНЕКТЕРІ» - қыздар «шолақ жең қамзол», «бешмет», «женсіз қамзол» әйел адамдардың ұлттық киімдерін көрсетті;
«СӘНДІ КИІМ» - оқушылар жас қыздардың ұлттық киімдерін көрсетті.
Байқауға ұсынылған ұлттық киімдер практикалық, өзіндік ерекшелігімен және декорациясының байлығымен ерекшеленді, үздік үлгілер грамоталармен марапатталды.