14 наурызда Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайының қызметкері Есмұқанов Мейрамғали Қайроллаұлымен бірлесіп қазақ музыкалық аспаптарының көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің негізгі мақсаты қазақ халқының музыкалық мәдениетімен таныстыру және насихаттау болып табылады.
Көрмеге қазақтың бірегей музыкалық аспаптары ұсынылды: жетіген, домбыра, қобыз, саз сырнай, асатаяқ және т.б.
Мейрамғали Қайроллаұлы жиналғандарға әр аспаптың шығу тарихын айтып берді, олардың дыбысталу ерекшеліктерін түсіндіріп, домбыра мен саз сырнайда виртуоздық өнерін көрсетті.
Сондай-ақ оқушылар да өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсетті: әндерді орындады, гитара, флейта және жетігенде ойнады.
14 наурызда Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайының қызметкері Есмұқанов Мейрамғали Қайроллаұлымен бірлесіп қазақ музыкалық аспаптарының көрм