19 наурыз-Жаңару күні! Жаңару күні өмірдің жандануын, табиғаттың өзгеруін және ел мен әрбір қазақстандықтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.
19 наурыз-Жаңару күні!
Жаңару күні өмірдің жандануын, табиғаттың өзгеруін және ел мен әрбір қазақстандықтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.
Жаңа күннің құрметіне Мұхтар Әуезов атындағы мектепте көшеттер мен гүл тұқымдарын отырғызу бойынша экологиялық акция өтті.
Бұл айтулы оқиға табиғаттың жаңаруын ғана емес, Қазақстандағы жаңа саяси дәуірдің басталуын да бейнелейді.
Оқушылар «Жаңа көшеттер - жаңа идеялар - ел дамуындағы жаңа кезең» идеологиялық хабарлама тұсында гүлдердің тұқымдары мен көшеттерін отырғызды.
Жылудың басталуымен оқушылар мектеп аумағына көшет отырғызады.