Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
КӨПТІЛДІ ОҚЫТУ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ Павлодар қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Мектептік білім беру жүйесінде көптілді оқытуды іске асыру: қазіргі жағдайы, даму перс
02-05-2024 09:29
КӨПТІЛДІ ОҚЫТУ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ Павлодар қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Мектептік білім беру жүйесінде көптілді оқытуды іске асыру: қазіргі жағдайы, даму перс

КӨПТІЛДІ ОҚЫТУ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Павлодар қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Мектептік білім беру жүйесінде көптілді оқытуды іске асыру: қазіргі жағдайы, даму перспективалары» атты тақырыбында сараптамалық кеңес аясында облыстық семинар өткізілді. Сараптамалық кеңеске Павлодар қаласы, Павлодар ауданы және Тереңкөл ауданы мектептері басшысының орынбасарлары, Инновациялық Еуразия университетінің, Абай атындағы ҚазЖенПу (Алматы) ғалымдары қатысты.

Сараптамалық кеңестің пленарлық бөлімінде мектепте көптілді оқытуды іске асыру қорытындылары туралы мектеп басшысы Топанова Гүлнар Туияққызы таныстырды.
Филология ғылымдарының докторы, Инновациялық Еуразия университетінің профессоры Бейсембаев Амангелді Ракишевичтің баяндамасының тақырыбы Қазақстандағы көпұлтты мәдениеттер диалогының маңыздылығы болды.
Көптілді оқытуды іске асыру бойынша мектеп жұмысының негізгі қорытындылары мен перспективаларын басшының оқу жөніндегі орынбасары Джансеитова Динара Заировна ұсынды.

Кеңес қатысушылары үшін мектеп фойесінде «Тіл ғылым пәні ретінде», «Тіл және көпмәдениетті тұлға», «Pedagogical excellence», «Тіл шебері», «Star Sports», «ART-аумақ», «World Robotics»бағыттары бойынша зияткерлік және шығармашылық алаңдар жұмыс істеді.
Инновация режимінде жұмыс істейтін педагогтар үш тілде ашық сабақтар, шебер сағаттарын, арнайы курстар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.

Сараптамалық кеңес аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп ұжымы өткізген облыстық семинар Павлодар қаласының білім бөлімінің әдіскерлері мен қалалық және облыстық мектептер басшысының орынбасарларының жоғары бағасына ие болды.
Көптілді оқытуды іске асыру бойынша мектеп педагогтерінің жұмыс тәжірибесін республикалық деңгейде ұсыну ұсынылды.