«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орайластырылған Денсаулық күні өтті.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орайластырылған Денсаулық күні өтті.
Денсаулық күнінің ашылуы бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен ритмикалық флешмобтан басталды. Спорттық іс-шаралар бағдарламасына көшпенділердің ұлттық ойындары кірді: арқан тарту, ләнгі тебу, нысанға лақтыру, алтын сақа.
Күннің дәстүрлі іс-шарасы жыл сайынғы күзгі кросс болды, оған жоғары сынып оқушылары қатысты.
Денсаулық күні оқушылар мен педагогтерді салауатты өмір салтын ұстануға шабыттандыратын жарқын оқиға болды.