
27 қыркүйекте Павлодар қаласының білім бөлімі мен Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 100 жылдығына орай Павлодар қалалық кәсіподақ ұйымы «Өнерімді саған арнаймын – менің кәсіподағым» атты білім беру ұйымдары арасында шығармашылық ұжымдарының көркемөнерпаздар байқауының іріктеу кезеңін өткізді.
Байқау үш номинация бойынша өтті: «Хореография», «Вокал», «Аспаптық ансамбль».
Байқауға «Вокал» номинациясы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сергалина Мадина Заркешқызы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шекеева Ардақ Теміргерейқызы, «Хореография» номинациясы бойынша – Бибігүл Арыстанбекқызы Тілеубалдинова өз шығармашылықтарын ұсынды. Сайыскерлер дипломдармен марапатталды.
Ұстаздарды құттықтаймыз, шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!