27 қыркүйекте «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» жобасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектептің педагогтары мен оқушылары Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің бастамасымен өткен «Отбасы - тәрбие іргетасы» фестиваліне қатысты.
Фестивальдің мақсаты-тілдік ортаға ену және халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді көрсету арқылы мемлекеттік тілді насихаттау.
Фестивальде мектеп оқушылары мен педагогтары ұсынған қазақ халқының «Қырқынан шығару» театрландырылған рәсімі жаңа туған нәрестенің өміріндегі басты рәсімдердің бірі, оның екінші туылуын бейнелейді. Ғасырлық даналық, халықтық тәжірибе мен ежелгі нанымдар тоғысқан жақсы дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа мұқият беріліп келеді.
Соңында фестиваль қатысушыларына Алғыс хат, мектепке қатысқаны үшін диплом табыс етілді.