Мұхтар Әуезов атындағы мектепте бастауыш, негізгі орта білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (МЖМБС) жобасын талқылау өтті.
МЖБС жобасына енгізілген өзгерістер мынадай аспектілерді қамтиды:
• Білім беру құндылықтары мен негізгі құзыреттерді нақтылау.
• Білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі мақсаттар мен міндеттерді үйлестіру.
• МЖМБС қолдану салаларын кеңейту.
• Бастауыш және орта мектепте оқу жүктемесін төмендету жоспарлануда.
• Орта мектепте оқу жоспарының вариативті бөлігіндегі таңдауды кеңейту арқылы профильдеу күшейтіледі.
• Академиялық адалдықты оқыту және оны сақтау талабы енгізіледі.
• Оқушының әлеуметтік GPA бағалауы енгізіледі.
• Көптілді, инклюзивті білім берудің педагогикалық тәсілдері өзгереді,
пәнаралық интеграция,
оқушыларды бағалау және кәсіптік бағдарлау.
Жаңа МЖМБС жобасы 2025-2026 оқу жылынан бастап пилоттық мектептерде сынақтан өткізіле бастайды және 2026-2027 оқу жылында барлық жерде енгізіледі.
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте бастауыш, негізгі орта білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (МЖМБС) жобасын талқылау өтті.