Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Қазіргі қоғамдағы қазақ тілі» және «Әдебиет – өмір айнасы» тақырыптары бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.
13-03-2025 01:33

«Қазіргі қоғамдағы қазақ тілі» бағыты бойынша «Менің тілім XXI ғасырда» интеллектуалдық ойыны және «Тіл қазына» атты аукцион-сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, оқушылардың қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы білімдерін тереңдету болды.

«Әдебиет – өмір айнасы» бағыты бойынша «Ақын-жазушыларды танып біл» танымдық сағаты, Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған «Әр өлеңі – бір әлем» әдеби кеші, Бердік Соқпақпаевтың «Менің атым - Қожа» шығармасы бойынша әдеби BATTLE, Дулат Исабековті еске алуға арналған «Әпке» драмасының театрландырылған қойылымы өткізілді.

Барлық іс-шаралар оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырып, қазақ тілі мен әдебиетінің ғажайып әлеміне, тарихы көне, мәдени мұрасы мол елге шынайы саяхатқа айналды.