
13 наурызда Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау және оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытуға бағытталған дәстүрлі «Қазақша сөйлейік» акциясы өтті.
Акция аясында оқушылардың қазақ тілін терең меңгергендігін көрсетуге мүмкіндік беретін бірқатар іс-шаралар өткізілді.
«Бір минутта кім көп сөз құрастырады», «Шаңырақ», «Сөз Мергені» зияткерлік ойындары мектеп оқушыларының ойлау ұшқырлығын, шығармашылық қабілетін, ана тіліне деген қызығушылығын көрсетті.
«Бір минутта кім көп сөз құрастыра алады» ойынында қатысушылар жылдамдықпен тапсырмаларды дұрыс орындауы керек болды. «Шаңырақ» ойынында мектеп оқушылары қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы білімдерін, «Сөз мергенінде» синтаксис және лексика туралы білімдерін көрсетті.
«Қазақша сөйлейік» акциясы оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын қалыптастыруға және жағымды ахуал туғызуға ықпал еткен қызықты іс-әрекет түрлері арқылы ана тілін үйренудің жарқын үлгісі болды.