Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бүгін НАУРЫЗНАМАНЫҢ онкүндігін мерекелеу аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте ұлттық тағамдар байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты еңбек тәрбиесі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды Қазақстан халықтарының мәдени құндылықтары мен дәстүрлер
18-03-2025 20:54

Бүгін НАУРЫЗНАМАНЫҢ онкүндігін мерекелеу аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте ұлттық тағамдар байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты еңбек тәрбиесі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды Қазақстан халықтарының мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне баулу болды.

Екі турдан тұратын байқауға 5-6 сынып оқушылары қатысты.

Бірінші турда оқушылар Қазақстанда тұратын түрлі халықтардың тағамдарын ұсынды. Олар бауырсақ, самса, сірне, бешбармақ, баклава, бәліштер және басқа да тағамдарды дайындаудың рецептері мен тәсілдері туралы айтты.

Екінші тур оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуді көздеді. Сахнадан әндер, өлеңдер шырқалды, ұлттық билер орындалды.

Конкурс қорытындысы бойынша
1 орын 6И сынып оқушыларына берілді,
2 орынды 5Б және 6Д сынып оқушылары бөлісті,
5Г, 6В және 6Ж сынып оқушылары 3 орын алды.