Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
18 наурызда, Наурыз мейрамының бесінші күні Қазақстанда Ұлттық киім күні – ерекше мән мен құрметке толы оқиға атап өтіледі. Бұл атаулы күн біздің шығу тегімізді, ата-бабаларымызды еске алуды және ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан бай мәдени мұраны ес
19-03-2025 20:56

18 наурызда, Наурыз мейрамының бесінші күні Қазақстанда Ұлттық киім күні – ерекше мән мен құрметке толы оқиға атап өтіледі.

Бұл атаулы күн біздің шығу тегімізді, ата-бабаларымызды еске алуды және ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан бай мәдени мұраны еске салатын маңызды күн болып табылады.

Қазақтың ұлттық киімі – сыртқы ортадан қорғайтын функционалды киім ғана емес. Бұл мыңдаған жылдар бойы тағдыры Еуразияның ұлан-ғайыр кеңістігімен тығыз байланысты болған халықтың нақты тарихы.

Қазақтың ұлттық киімінің барлығы, мейлі ол талғампаз кесте тігу болсын, бас киімнің қайталанбас түрі болсын, тек қазақ этносының ғана емес, Ұлы даланың оларға жомарттықпен берген ортақ мұрасымен біріктірілген басқа да түркі тілдес халықтардың бай мәдениеті, терең дәстүрлері, төл әдет-ғұрыптары, рухани наным-сенімдері мен материалдық дүниесінің айшықты айғағы.