
Наурыз – көктем мерекесі, жаңарудың, бірліктің, татулық пен ізгіліктің символы. Қазіргі Қазақстанда Наурыз мейрамы мәдени кодтың маңызды бөлігі болып табылады.
«Наурызнама» онкүндігі бойынша 21 наурыз «Ынтымақ күні» болып саналады. Бұл күннің басты идеясы – Қазақстан халықтары арасындағы бірлік, ынтымақ, татулық пен ізгілікті нығайту.
«Наурызнама» онкүндігі аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектептің орталық алаңында Усолка шағын ауданының тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік шара ұйымдастырылды.
Мерекеге орай безендірілген киіз үй, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп пен №25 мектептің шығармашылық ұжымдары ұсынған концерттік бағдарлама, қайырымдылық жәрмеңке, бауырсақ, ыстық палау және «KSP Steel» компаниясының ұсынған шайы жиналғандарды қуантты.
Халықтың мәдени мұрасының ажырамас бөлігіне айналған бұл жарқын да қуанышты мереке жиналғандарға қуаныш пен шабыт сыйлады.