«Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі ұйымдастырған «Отбасы - тәрбие іргетасы 2025» фестивалінің бірінші кезеңі өтті.

«Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі ұйымдастырған «Отбасы - тәрбие іргетасы 2025» фестивалінің бірінші кезеңі өтті.
Мұхтар Әуезов атындағы мектептің оқушылары мен педагогтары фестивальге шешендер мен ингуштардың Қазақстанға қоныс аудару тарихынан театрландырылған эпизод ұсынды.
Аяз бен дауыл басқан далада қазақтар шешендер мен ингуштарды жылытып, тамақтандырып, өз үйлеріне қоныстандырды. Қазақстан олардың туған үйіне айналды.
Фестиваль Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өтіп жатыр, оның басты мақсаты - «Біз қазақстандықтар - біртұтас халықпыз!»