Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» облыстық штабы ұйымдастырған «ЕРІКТІЛЕР КҮШІ – БІРЛІКТЕ!» волонтерлік идеялар байқауы өтті.

Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» облыстық штабы ұйымдастырған «ЕРІКТІЛЕР КҮШІ – БІРЛІКТЕ!» волонтерлік идеялар байқауы өтті.
Іс-шара шығармашыл бастамалар мен шабыттандыратын жобалар алмасуға арналған нағыз алаңға айналды!
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп оқушылары байқауға «Көмек пен қамқорлық» атты әлеуметтік цифрлық Telegram-бот жобасын ұсынып, екінші орынды иеленді.
Telegram-ботқа жүгіну арқылы пайдаланушылар жедел ақпараттық көмек ала алады. Өтініштерді еріктілер өңдеп, қажет болған жағдайда құзырлы органдарға жолдайды.
«Көмек пен қамқорлық» жобасы – игі істердің цифрлық қызметі, көмекке мұқтаж жандарға сенімді серік болмақ!