
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 1–11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес жиналыста келесі сұрақтар қаралды:
• үшінші тоқсанның қорытындылары;
• аралық және қорытынды аттестацияға дайындық;
• балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігі;
• жаяу жүргіншілердің, велосипедшілердің, самокат және скейт пайдаланушылардың жол жүру ережелерін сақтау.
Сондай-ақ, мектепте жұмыс істейтін «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» клубтарының қызметі талқыланды. Бұл клубтардың мақсаты – балалардың әл-ауқатын арттыру, жағымды тәрбиені дамыту, ата-аналардың тәрбиелеу саласындағы құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Жиналыстың екінші бөлігінде мектептің фойесінде ұйымдастырылған консультациялық алаңдарда ата-аналар әкімшілік, пән мұғалімдері және мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметі тарапынан сұрақтарына жауаптар мен ұсыныстар алды.