
2025 жылы 18 сәуірде Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Қазақстан Республикасы сайлау органдарының жүйесі» тақырыбында Жас сайлаушылар клубының екінші отырысы өтті.
Отырыстың мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы білімін кеңейту, құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін дамыту.
Кездесу барысында клуб мүшелері терминологиялық диктант жазып, интерактивті дәріс тыңдап, сондай-ақ сайлау органдарының өкілеттіктерін талдау бойынша топтық жұмыс жүргізді.
Отырыс тапсырмаларды талқылаумен, сараптамалық топтың қорытынды шығаруымен және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Цифрландыру және сайлау» тақырыбындағы келесі отырыстың жоспарлануымен аяқталды.
Жас сайлаушылар клубының отырысын тарих және құқық пәні мұғалімдері Касенова Ж.Ж., Кыпшакпаева Ш.И., Купесова А.Б. дайындап, ұйымдастырды.