Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: г.Павлодар, ул.Ткачева, 15
8(718)2-62-62-86 Call Center:
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда 14.00-17.00 Пятница 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
27 желтоқсан күні «Педагогикалық шеберлік» атты тәжірибелік-семинар өткізілді.
27-12-2011 09:27

 

Павлодар қаласы Мұхтар Әуезов атындағы № 42 жалпы орта мектебінде 27 желтоқсан күні «Педагогикалық шеберлік» атты тәжірибелік-семинар өткізілді. Семинарға қала мектептерінен қазақ  тілі мен әдебиетінің мұғалімдері келді. Семинарда қазақ тілі мұғалімдері: Ахметжанова Айсұлу Мақсұтқызы мен Жәменкенова Айнұр Зейноллақызы ашық сабақ көрсетті. Ахметжанова А.М. 6 «Б» сыныбымен «Астана – бас қала», ал Жәменкенова А.З. 5 «А» сыныбында «Қазақтың ұлттық аспаптары» атты тақырыпта өткізді. Мұғалімдер алдарына қойған мақсаттарына жетті. Сабақ барысында жаңа технологиялар пайдаланылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз ойларын жеткізе білді. Астанаға саяхат бөлігінде балалар өздерінің өнерлерін көрсетіп, шетелден келген қонақтарға елордасы Астананы тартымды таныстырды. «Қазақтың ұлттық аспаптары» атты тақырыпта арнайы қонақтар келіп, домбыра, қобыз аспаптарымен таныстырып, оқушылардың сұхбаттарына жауап берді. Аспапты көзбен көргені, үнін естігені оқушылар жадында сақталып қалады.

Семинар ойдағыдай өтті. Семинарға қатысқан мұғалімдер өз пікірлерін, алғыстарын білдіріп кетті.

 

Қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі