Республикалық «Отбасы-бақыт мекені» акциясы аясында Заң орталығы 5 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Үздік қазақстандық отбасы» сайысын өткізді
Республикалық «Отбасы-бақыт мекені» акциясы аясында Заң орталығы 5 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Үздік қазақстандық отбасы» сайысын өткізді. Үш команда сайысқа түсті. Олар: «Үздік отбасы», «Жұлдызша», «Бірлік нұры». Сайыс жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Заң орталығының жетекшісі отбасы ынтымақтастығына бағытталған сайыстар ұйымдастырды. 1 орынды «Үздік отбасы» 5 б сыныбы, 2 орынды «Бірлік нұры» 5 а сыныбы, 3 орынды «Жұлдызша» 5 в сыныбы иеленді. Іс-шараны ұйымдастырған А.Б.Көпесоваға, 5 сынып жетекшілері Т.А.Сороченкаға, Ә.Е.Бегалиноваға, А.М.Ахметжановаға сондай-ақ, ТЖ бойынша ДО Л.С.Омароваға алғыс жариялаймыз.