Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаратылыстану- математика циклінің пән апталығы
23-02-2014 05:36
Жаратылыстану- математика циклінің пән апталығы

Жаратылыстану- математика циклінің пән апталығы

Оқушылардың пәнеге деген қызығушылықтары арттыру мақсатында мектебімізде жыл сайын пән апталықтары өтіп тұрады.

Жаратылыстану- математика циклінің пән апталығы бекітілген кестеге сай 17.02.2014 жылдан 22.02.2014 жыл аралығында өтілді.  

Пән апталығын өткізудің негізі мақсаты:

v  Жаратылыстану-математика бағыты бойынша пәндерге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру;

v  Танымдылық белсенділіктері мен дүниетанымдылықтарын қалыптастыру;

v    Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

 Пән апталығын өткізу бағдарламасы әдістемелік жұмыстардың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қарастарды. Ұжымдық және жеке жұмыс түрлері өзара үйлесімдік тапты. С.Р.Сатемирова,  Г.К.Төкенова, Ү.Қ.Тұқтыбаева,  Е.В.Иванова, Ә.С.Қасымканова, З.Ш.Эргашова, Ж.Қ.Темірғазина, И.Ж.Төргельдинова сыннды мұғалімдер ашық сабақ үлгілері мен сыныптан тыс іс-шаралар, семинарлар өткізді.   Оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендендіру үшін әр түрлі көрнекіліктер, викторина сұрақтары, АҚТ қолдануымен интеллектуалды марафондар  жүргізілді.8 «а» сыныбында Е.В.Иванова өткізген ағылшын тіліндегі «Structure of digestive organs» (Ас қорту мүшелерінің құрылысы)  ашық сабағын атап өтуге болады. Сондай-ақ С.Р. Сатемирова акт залда «Геометриялық фигуралар сьезді» , Ә.С.Қасымханова 8 «б» сыныбында информатика пәні пәні бойынша «Инфоознайка» іс-шараларын өткізді.   ЖМЦ пән апталығы жоғары дәрежеде өтті деп айтуға болады. Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы нәтижелі еңбекті көрсетті..