Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұхтар Әуезовтің 117 жылдығы
30-09-2014 08:44
Мұхтар Әуезовтің 117 жылдығы

Мұхтар Әуезовтің 117 жылдығы

         Павлодар қаласы, М.Әуезов атындағы  №42 жалпы орта білім беру мектебінде  М. Әуезовтің 117 жылдығына орай көптеген іс-шаралар өткізілді. Атап айтатын болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Абылова Мейрамгүл Жұмағалиқызы мен Жаменкенова Айнұр Зейноллақызының жетекшілігімен Мұхтар Әуезовтің ескерткішінің алдында салтанатты жиын, Мұхтар Әуезов мұражайында «Әуезов оқулары» өтті.

      «Әуезов оқуларында»  оқушылар М.Әуезовтің шығармаларынан орыс тілінде, қазақ тілінде  жатқа үзінділер  оқыды. Байқауға 15 оқушы қатысты.

5 «а» сынып оқушысы  Теміргазина Дарина (мұғалімі Жаменкенова А.З.) ,5 «а» сынып оқушысы Клищевский Данил  (мұғалімі Сороченко Т.А.) ,7 «б» сынып оқушысы Александрова Яна  (мұғалімі Омарова Л.С)  Мұхтар Әуезовтің шығармаларынан үзінділерді  үлкен тебіреніспен  оқып, жұртшылықтың назарын аударды. Әділ қазылардың шешімі бойынша  бұл оқушылар I орын иегерлері атанды. II орынға  7 «б» сынып оқушысы, Войнова Инесса (мұғалімі  Омарова Л.С.), 8 «б» сынып оқушысы Умирова Аяна  (мұғалімі Абылова М.Ж.), III орынға  6 «а» сынып оқушысы Сембаева Адина (мұғалімі Омарова Л.С.), 11 «а» сынып оқушысы Кирьянова Ирина (мұғалімі Сороченко Т.А.)  ие болды. Қалған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

      Сонымен қатар, 10 «а» сынып оқушылары Жанзаков Шыңғыс, Плакина Анастасия, Бириханова Юлия  биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларын М.Әуезов мұражайына әкеліп, үш тілде  экскурсия жасады.  Казақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Камзина Алмира Ермұхамбетқызы мен кітапханашы Жүнісова Гүлзира Еркенқызы мектеп кітапханасында

7 сыныптар  аралығында «Мұхтар Әуезов көркем сөздің пірі» атты   әдеби кеш, сынып жетекшілер  «Әлем таныған - Әуезов»   атты тақырыпта сынып сағаттарын өткізді. 7-11- сыныптар аралығында «Мұхтар – дана!»  атты газеттер сайысы өтті.

     Мектебіміз Мұхтар Әуезов есімімен аталғаны біз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан әдебиеттің асқары іспеттес тұлғаны  насихаттап, болашақ ұрпақтың   жадында қалдыру біздің басты міндетіміз болып табылады.

      Абылова Мейрамгүл Жұмағалиқызы,

Жаменкенова Айнұр Зейноллақызы