Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: г.Павлодар, ул.Ткачева, 15
8(718)2-62-62-86 Call Center:
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда 14.00-17.00 Пятница 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық семинар
27-01-2010 18:00

2010 жылдың 28 қаңтарында М.Әуезов атындағы №42 мектепте «М.М.Жанпейісованың модулдік технологиясы бойынша құрылған қалалық шығармашылық топқа арналған» қалалық семинар-тренинг болып өтті. Семинарға қала мектептерінен 27 мұғалім қатысты. Қатысқан мектептер №7, 16, 34,28,43,26,19,42,9,6. Топ жетекшісі А.Е.Камзина. Семинардың мақсаты: М.М.Жанпейісованың модулдік технологиясын жаңа бастап жатқан мұғалімдерге теориялық және тәжірибелік дәріс көрсету.

Семинарда модулдік технологияның оқыта үйрету ойындары интерактивті тақта арқылы көрсетілді. Сабақ үлгісін көрсеткен №42 мектептің қазақ тілі мұғалімдері Г.М.Ниязбекова, А.М.Ахметжанова, Қ.Т.Ахметова, М.Ж.Абылова, А.Е.Камзина. Мұғалімдер оқушы ретінде өздері сабаққа белсене қатысты, семинар жоғары дәрежеде өтті.