Усолка шағын ауданының ардагерлер кеңесімен мектеп оқушылары кездесуі болып өтті
![Усолка шағын ауданының ардагерлер кеңесімен мектеп оқушылары кездесуі болып өтті](/media/img/blogs/1506416965.jpg)
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, еліміздің өткен тарихына сыйластықпен қарау, ардагерлерді құрметтеу, жерлес Отан қорғаушыларды қадірлеп еске алу, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында М.әуезоа атындағы №42 жалпы білім беру мектебінде 2.12.16 жылы Усолка шағын ауданының ардагерлер кеңесімен мектеп оқушылары кездесуі болып өтті. Біздің ардагерлер мектеп мұражайында экскурсияда болды. Экскурсия үш тілде өтті. Еліміздің Тұңғыш Президенті кабинетінде , Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел отырысы болды.