
Сабақ басталмай тұрып ақ дене шынықтыру пәні мұғалімдері алғашқы күндері Денсаулық күні өтілетінін білді. Бірінше оқу күні таңғы жаттығудан басталды. Іс шаралар сыныптар аралығында апта көлемінде өтті.7 сыныптар үшін қызықты эстафета ұйымдастырылды, 5-6 сынып оқушылары туристыік шеберліктерін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары «Көңілді жаттығу» флешмобын көрсете білді. Флешмоб билеген оқушылар оларды әділқазылар бағалайтынын біліп бар өнерлерін салуға тырысты. Содан кейін барлық сынып оқушылары дене шынықтыру мұғалімдерінің жетекшілігмен «Қызықты жарыстарға» қатысты. . Барлық спорттық шараларға оқушылар мен ата-аналар белсене қатысты, біреуі қатысушы, біреуі қолдаушы. Денсаулық апталығы оқу жылы барысында өтетін барлық спорттық іс шаралардың бастауы болды. №42 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі: Цибулько О.А.