Алғыс айту күні
М.Әуезов атындағы № 42 орта мектебі барлық сыныптарда алғыс күні аясында сынып сабақтарын өткізді. 1-2 сыныптарда сабақтың тақырыбы - «Достықта - күш», 3-4 сыныптарда - «Көп ұлтты Қазақстан», 5-7 сыныптарда - «Қазақстанның көпмәдениетті қоғамы», 8-11 сыныптар «Толеранттылық - қоғам мәдениеті». Сабақ сағаттарының мақсаты жас ұрпақ арасында төзімділік, достық пен құрмет сезімін қалыптастыру және Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту болып табылады.