биологиялық ассорти "интерактивті ойыны»
"Эрудит" бейіндік лагерінде 20 маусымда 5-8 сыныптар арасында "биологиялық ассорти"интерактивті ойыны өтті. Ойынға 2 команда қатысты. Команда құрамына әр буыннан 1 өкілден оқушылар кірді. Қазылар алқасының құрамына мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары кірді. Ойын барысында 10 сынып оқушылары жетекші болды. Ойын көрермендерге және қатысушыларға арналған жаттығулардан басталды. Оқушылар бұл ойынға белсене қатысып, мектеп бағдарламасының білімін ғана емес, сонымен қатар өзінің кең ой-өрісін көрсете білді.
Ахметжанова Н.А.