жаратылыстану және математика апталығының аясында 5 «А» және 5 «Ә» сыныптарының арасында «Дарындылар додасы» деген интеллектуалды ойыны өтті.
Мектебімізде жаратылыстану және математика апталығының аясында 5 «А» және 5 «Ә» сыныптарының арасында «Дарындылар додасы» деген интеллектуалды ойыны өтті. Әл- Фарабидің 1150 жылдығына орай оқушылар Әл- Фарабидің нақыл сөздерін жаттап, логикалық тапсырмалар орындады. Оқушылар өздерінің математикалық білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Өткізген мұғалім: Касымканова А.С. I орынға 5 «Ә» сынып оқушылары, II орынға 5 «А» сынып оқушылары иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!