Біздің мектебімізде 10-21-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралар өткізілді. Бұл сайыс шаралардың басты мақсаты: оқушы бойында мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, сөздік қорларын байыту, әдептілікке, бірлікке тәрбиелеу. Біздің мақсатымыз – Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруіне қол жеткізу. Тіл-тарихи, мәдени және өмірлік құндылық. Қазақ тілі-біздің ата-бабаларымыздың қаншама ғасыр бойы күресіп, қан төгіп, біз үшін, болашақ ұрпақтары үшін сақтап қалған ана тіліміз.Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруде, қазақ тілін қолдану аясын кеңейту, дамыту мақсатында 1-2 сынып оқушыларына арнап мектебіміздің қазақ тілі мұғалімдері С.Р.Жанкарина және А.К.Долголевец «Бала тілі - бал» атты ертеңгілігін, Г.К.Боранбаева және Б.У. Сыздыкпаева «Білімпаз бала» атты сайысын өткізді.
21 қыркүйекте апталықтың аяқталу салтанатты жиыны өткізіліп, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Осындай іс-шаралар әлі де жалғасын табады деген ниеттеміз.