Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жол жүру ережелері
10-04-2017 07:34
Жол жүру ережелері

Бастауыш мектепте ЖЖЕ бойынша апталық шеңберінде келесі шаралар өткізілді:
- жолдағы жол-көлік жарақаттанушылығын үгіттеу мақсатымен суреттер көрмесі;
- «ЖЖЕ білгіштері» тақырыбына сынып сағаттары.
3-4 сынып оқушылары арасында үгіт бригадасы жүргізілді, балалар ребус, жұмбақтар шешті, викториналар өткізілді. Шара жолдастық және жылы ниетте өтті. Жол жүру ережесін тағы да қайталау балалар үшін қызықты әрі пайдалы болды.
Бүгінгі күні әлемде жол қауіпсіздігі жол-көлік оқиғалар саны жыл сайын көбейгендіктен аса маңызды мәселеге айналды. Сондықтан мектеп оқушыларының жол жүру ережелерін білу – өзекті тапсырмаға айналды. Мектеп жасындағы балаларды жол сауаттылығының негізіне оқыту өзектілігі күмән келтірмейді. Педагог міндеті – ЖЖЕ туралы балалардың білімін жүйелендіру, көшеде және жолдағы тәртіп дағдысын қалыптастыру. Бағдарламаны жүзеге асыру білім беру қызметі түрлерінің мазмұны мен пішіні жағынан көптүрлілігін: викториналар, қала көшелерінде экскурсиялар, сұхбаттар, нақты жол оқиғаларының анализі, ЖЖЕ мағлұматына тесттер, жобалық жұмыстар, «қауіпсіз қалада» тақырыптық сабақтарды үйлестіру арқылы орындалады. ЖЖЕ үйрету мектеп оқушыларының сабақтан тыс қызметтің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн. Бұл бағдарлама бірінші сынып оқушыларынан бастап балалармен жұмыс жасауға арналған. Бірінші сыныптың оқулығынан алған білім мен дағды келесі оқу жылында толығып тереңдетіледі. Бағдарлама дамытып оқыту ұстанымымен құрылған және бала тұлғасын бүтіндей дамытуға: салыстыру мен жалпылау шеберлігіне, қорытынды жасауға; сөз шеберлігін, ойлау қабілетін жетілдіруге және шығармашылық қабілеттеріне бағытталған.
Іс-шараға жауапты бастауыш сынып мұғалімі: Бойко Анна Юрьевна