«Отанымыздың рәміздері»
Мұндай атаумен Жазғы оқу бағдарламасы шеңберінде мектеп кітапханасы егеменді республиканың мемлекеттік рәміздерді қабылдауының 25-жылдығына арналған тарихи сағат өткізді. Балалар халықтың тарихи тамыры, сипаты туралы нақты түсінік беретін Қазақстан Республикасының рәміздері туралы ақпаратты тыңдады. Қорыта келгенде шараға қатысушылар «Рәміздер туралы не білемін?» деген викторина сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар мектеп кітапханасында «Бейбіт пен бірліктің рәміздері» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде мемлекеттік рәміздердің туындау тарихы, авторлардың өмірбаяндары, Тәуелсіздік алғанға дейінгі Қазақстандағы рәміздердің жалпы тарихы туралы материалдар көрсетілді. Қазақстандық патриотизм мен ұлт бірлігін нығайту және Қазақстанның құндылығы мен жетістіктерін үгіттеу мемлекеттік рәміздер күнінің негізгі идеясын ашады.