Шығармашылық топ отырысы
Қараша айының 28-ы күні №43 мектепте «Білім беру мазмұнының жаңартылуы: мәселелер мен шешу жолдары» атты қалалық шығармашылық тобының бірінші отырысы өтті. Отырысқа орыс тілді қала мектептерінің 5,7 сыныптарында сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері шақырылып, барлығы 25 мұғалім қатысты. Отырыс барысында жағымды психологиялық ахуал орнатылып, маңызды мәселелерді ұстаздар өздері саралап шешу жолдарын ұсынды. Әрбір мәселе топ ішінде қызу талқыға салынды. Сонымен қатар топ жетекшісі осы оқу жылына арналған жұмыс жоспарын презентация түрінде таныстырды. Келесі отырысқа топ мүшелері тараулар бойынша тапсырмаларды бөліп алды.