«Біз біргеміз»
«Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында және қасиетті Рамазан айының бірінші күні Павлодар қаласының №43 ЖОМ ұжымы қалыптасқан дәстүр бойынша қиын жағдайға тап болған 12 отбасының балаларына арналған азық-түлік себеттерін жинады. Осындай қиын уақытта біздің мұғалімдер көмекке мұқтаж болғандарға қолдау көрсетуді жөн көрді. Балалар мен оның ата-аналарына қолдау көрсету арқылы біз осы уақытша қиындықтарды жеңуге көмектесетінімізге сенімдіміз. Мектеп өз оқушыларын сағынуда және күтуде.